13.10.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Қаратал ауданының Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Кәлпе ауылында «Тегін заң консультациясы» акциясы өткізілді.
Іс-шараға Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Бексұлтан Жандос Елмұратұлы, жеке сот орындаушылары мен нотариаттық палаталардың өкілдері және ауылдық округ әкімдігінің өкілдері қатысты.
Тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер беріліп, қаржылық сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияға 57 адам қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1309909?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау