Күн: Қазан 17, 2026
-
Ұлытау облысында кезекті ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ұлытау облысы бойынша филиалы 1 қазаннан бастап кезекті кесте бойынша Жезқазған қаласының №2 халыққа қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейтінін хабарлайды. Өзгертілген мекенжайы: Абай көшесі, 140. Бұл ретте Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 111 мекенжайында орналасқан ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі — демалыс…
-
Алматыда жасөспірімдер «Жас сақшы» сыныбына қабылданды
Алматы қаласындағы Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Сынып құрамына 8-сыныптың 24 оқушысы енді. Жасөспірімдер салтанатты түрде ант қабылдап, құқықтық мәдениет, тәртіп пен азаматтық жауапкершілік негіздерін меңгеруге алғашқы қадам жасады. Салтанатты рәсімге Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Кабдулдинов қатысты. Сонымен қатар іс-шараға Генералдар кеңесі мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері, ұстаздар,…
-
Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы туралы хабарлама
Қостанай қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылдың 5 қазанда сағат 11:00-де Zoom платформасы арқылы өтеді. Анықтама үшін телефондар: 8 (714-2) 57-55-61, 8 (714-2) 54-26-46. Сессияның күн тәртібінің негізгі мәселі: “Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 204 “Қостанай қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы.”. Zoom конференциясына қосылу: https://us05web.zoom.us/j/5961782186?pwd=SW9OY0Z1VkJkWk4xVHZsT1dRVlRkdz09&omn=81873809391 …
-
2026 жылғы 3-тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат
-Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылғы 3-тоқсанда келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті: – Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру; – Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен…
-
Қызылорда облысында құны 4 млрд теңге болатын күн электр станциясы іске қосылды Қызылорда облысының Шиелі ауданында құны 4 млрд теңге болатын «VIGOR Holding» күн электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылды
Нысанды іске қосу рәсіміне Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров пен облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты. Жаңа күн электр станциясы өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Шиелі ауданының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру барысында инвестор жер қатынастарын рәсімдеуге байланысты бірқатар мәселеге тап болған. Оларды шешуге инвестициялық жобаны құқықтық сүйемелдеу…
-
Шығыс Қазақстан облысында интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты
Шығыс Қазақстан облысында интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықтыӨскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және бірнеше интернет-алаяқтық жасады деп айыпталған Ақтөбе облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.Тергеумен анықталғаны, сотталушы «TikTok» әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирлерді қарап отырып, онлайн ойындар ойнаған, сондай-ақ «Instagram» әлеуметтік желісінде аккаунттарды бағалаумен айналысқан тұлғалардың абоненттік нөмірлерін…
-
Азаматтарды қабылдау
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов азаматтарды қабылдауды апта сайын жүргізеді. Кездесулер бейсенбі сайын сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Қабылдау барысында қала тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты өз сұрақтарын, ұсыныстарын және мәселелерін көтере алады. Қосымша ақпарат алу және жазылу үшін пациенттерге арналған call-орталыққа келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: +7 700 050…
-
Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында зейнеткерлер мен сала ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады
Басқарма ұжымы аға ұрпаққа көп жылғы адал еңбегі, кәсібилігі және облыстың ветеринариялық қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді. Осы мереке күні ардагерлерге жылы құттықтаулар мен естелік сыйлықтар дайындалды. Барлық зейнеткерлерге зор денсаулық, отбасылық амандық, рухани жылулық, жақындарының назары, ұзақ өмір және бейбіт аспан тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1303045?lang=ru
-
🌿 1 қазан – Қарттар күні
1 октября – особенный день, когда мы выражаем уважение старшему поколению, ценим их жизненный опыт и вклад в развитие общества. В этот знаменательный день в Департаменте Комитета регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения по Актюбинской области поздравили ветеранов, которые долгие годы достойно трудились и внесли свой вклад в сферу социальной защиты, а сегодня…
-
Бір ғасырға жуық тарихы бар Үштөбе станциясының вокзалы заманауи келбетке ие болды
Жетісу облысында 1930 жылы салынған Үштөбе станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілді. Реконструкция барысында жалпы ауданы 1 335 шаршы метр болатын вокзалдың екі қабатты ғимараты толық жаңартылды. Шатыр, қасбет және ішкі үй-жайларды жаңарту жұмыстары жүргізіліп, кәріз,…
-
Денисов ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы
Денисов ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы Күн тәртібі 1. Денисов аудандық мәслихатының “Денисов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 67 “Денисов ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы”шешіміне өзгерістер енгізу туралы” шешімінің жобасын қарау. 2. Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 69 “Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы “шешіміне өзгерістер енгізу…
-
Шет ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында дебат турнирі өткізілді
Шет ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында дебат турнирі өткізілді. Дебат турнирінің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің «Адал азамат» идеалдарына сәйкес кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамыту, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыни және стратегиялық ойлау қабілетін жетілдіру, сондай-ақ пікір алмасу мәдениетін арттыру. Турнир барысында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен…
-
Қызылордалықтар республикалық форумда марапатталды
Астанадағы Президент орталығында Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен Еңбек күніне арналған «Еңбек – ел мұраты» атты республикалық форум өтті.Еске салайық, елімізде Еңбек күні 2013 жылдан бері атаулы күндер қатарында. Бұл форум түрлі салада ел игілігіне адал қызмет етіп, өнегелі ісімен көпке үлгі болып жүрген еңбек адамдарын кеңінен насихаттауға бағытталады. Аталған шараға Сыр өңірінің делегациясы да қатысып, арнайы номинациялар…
-
Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Арман Еркінұлы Айшуақов Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Арман Еркінұлы 1991 жылы туған. Білімі жоғары, 2013 жылы Халықаралық Білім Беру Корпорациясының «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын» «Сәулет» мамандығы бойынша аяқтап, 2014 жылы аталған білім ордасында «Сәулет» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2023 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік…
-
Департамент қызметкерлері мен Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдерінің жұмыс кездесуі
Қостанай облысында өңірдің дарынды жас спортшылары үшін тартылыс және даму орталығына айналатын облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың ашылуы жоспарлануда. Жаңа білім беру ұйымының сәтті іске қосылуын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 30 қыркүйекте Департамент қызметкерлері мен Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Кездесудің басты тақырыптары: -Рұқсат құжаттарын алу: Жаңа білім беру…
