Ақмола облысының жастары “Таза Қазақстан” Road-эстафетасына қосылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13-16 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық бастамасы шеңберінде Ақмола облысы – Шығыс Қазақстан облысы бағыты бойынша республикалық road-эстафета өтті.

Эстафетаны 2025 жылы “Әділет” партиясы халықтың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында бастады. Биылғы жылы іс-шара жұртшылық пен жастарды елдің табиғи мұрасын сақтау идеясына біріктіре отырып жалғасын тапты.

Ақмола облысында эстафетаға Целиноград және Ерейментау аудандарының жас белсенділері қосылды. Қатысушылар аумақтарды абаттандыру, еріктілер қозғалысын дамыту және экологиялық құндылықтарды насихаттау жөніндегі бастаманы қолдады.

Іс-шара жастардың белсенді азаматтық ұстанымы мен туған өлкенің тазалығын сақтау бойынша Қоғамның бірлескен жұмысының үлгісі болды.

“Таза Қазақстан” – еліміздің таза және гүлденген болашағына ортақ үлес!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1309935?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version