Қысқы кезеңге дайындық аясында «ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалдарының өндірістік базалары мен арнайы техникаларына комиссиялық қарау жүргізілуде.
Қарауға Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның және Полиция департаментінің өкілдері қатысуда.
Қарау барысында өндірістік базалардың жай-күйі, арнайы техникалардың техникалық жарамдылығы және жол қызметтерінің қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы бағалануда.
Қар жаууы, боран және басқа да қолайсыз ауа райы жағдайларында техникалардың жұмысқа әзірлігіне, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық ресурстардың болуына ерекше назар аударылуда.
Аталған жұмыс ауа райы жағдайлары күрделенген кезде жедел әрекет етуді, автомобиль жолдарын үздіксіз күтіп-ұстауды және қысқы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақтөбе облысының ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/1310024?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау