Батыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты – жеке құрамның кәсіби даярлық деңгейін арттыру, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі үйлесімді әрекет ету дағдыларын жетілдіру және үздік мамандарды анықтау.
Байқауға облыстың 14 бөлімшесінен қызметкерлер қатысып, өз кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін көрсетті.
Сайыс барысында қатысушылар күрделі практикалық кезеңдер бойынша бақ сынап, тапсырмаларды орындау кезінде шапшаңдық, төзімділік, дәлдік және командалық үйлесімділік танытты. Кәсіби шеберлік байқауы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және қызметтік дайындықты жетілдіруге бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Мұндай байқаулар мамандардың кәсіби әлеуетін арттырып, төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1310280?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау