Меркі ауданында оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері №1 Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін гимназия оқушыларына «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Кездесу барысында оқушылар өрт сөндіру автокөліктерін, арнайы құрал-жабдықтар мен құтқару техникаларын көріп, мамандардың қызметі мен міндеттері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, өрт шыққан жағдайда сабыр сақтап, 112 нөміріне хабарласу қажеттігі түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1310167?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version