Қызметкердің құқықтарын қорғау жұмыс берушіден басталады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ресми жұмыс — бұл жай ғана жалақы емес.

Бұл — еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдейтін және қызметкердің құқықтарын қорғайтын еңбек шарты.

Бұл — шарт туралы мәліметтердің Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне уақтылы енгізілуі.

Бұл — міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша төлемдердің уақтылы және толық көлемде аударылуы.

Бұл — еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың қолданыста болуы.

Мұның барлығы — жұмыс берушінің жауапкершілігі және қызметкердің әлеуметтік қорғалуы.

Ұйымыңыздағы жағдайды тексеріңіз:
– Еңбек шарттары рәсімделген бе?
– Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде мәліметтер өзекті ме?
– Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша төлемдер уақтылы аударыла ма?
– Қызметкерлерді міндетті сақтандыру қолданыста ма?
Осы талаптардың бұзылуы заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Қызметкердің құқықтарын қорғау жұмыс берушіден басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1310146?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version