Ақтауда тұрғын үй кешеніне қатысты заңсыз жарнамалар анықталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Мониторинг барысында Ақтау қаласының 41-шағын ауданында салынып жатқан «Park Side» тұрғын үй кешеніне қатысты үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту туралы жарнамалардың жариялануын жалғастырып отырғаны анықталды.

Аталған тұрғын үй кешенінде үлескерлердің қаражатын тартуға қажетті рұқсат құжаттары жоқ. Осыған байланысты азаматтардың қаражатын құрылыс жұмыстарына тарту заңсыз болып саналады.

– Азаматтарға тұрғын үй сатып алу туралы шешім қабылдамас бұрын нысанның құжаттарын және үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсаттың бар-жоғын тексеруге кеңес береміз, – деді Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Нұрсұлтан Нұрмұқанов.

Осы бағыттағы тексеріс жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.

Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі тұрғындарды тұрғын үйге қаражат салу кезінде сақ болуға және тиісті құжаттарды мұқият тексеруге шақырады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1310431?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version