Қорғалжын аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9-шы қазандағы № 2/54 шешімі
Қорғалжын аудандық
мәслихатының «Қорғалжын
аудандық округтік сайлау
комиссиялары құрамын бекіту
туралы» 16.01.2023 № 1/28
шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 19 бабының 6 тармағының 1-ші тармақшасына және Қорғалжын аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі «Қорғалжын ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшесін міндетінен босату туралы» № 48/7 қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төмендегі сайлау комиссиялары құрамынан келесі комиссия мүшелері босатылсын:
№ 3 округтік сайлау комиссиясы
Ермұрат Әлемгүл
№ 7 округтік сайлау комиссиясы
Баймуханова Заря Кайратовна
№ 10 округтік сайлау комиссиясы
Маханбаева Зауреш Темирхановна
2. Шығып кеткен комиссия мүшелерінің орнына келесі комиссия мүшелері енгізілсін:
№ 3 округтік сайлау комиссиясы
Даменова Айжан Габдуллаевна
№ 7 округтік сайлау комиссиясы
Таттыбаева Аягоз Жанатовна
№ 10 округтік сайлау комиссиясы
Уралбекова Анара Рамазановна
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қорғалжын аудандық
мәслихатының төрағасы
_________ Б. Рыспаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/1310559?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау