Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында оқушыларға арналған «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында алдын алу кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға құзырлы орган өкілдері қатысып, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында заң талаптарын бұзудың салдары мен құқықтық жауапкершілік туралы нақты мысалдар келтіріліп, қатысушыларға пайдалы ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1310416?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау