«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинеті білім беру ұйымдарының психологтарын «Жасанды интеллект психолог жұмысында: Claude — Anthropic» тақырыбындағы вебинарға шақырады.
Вебинардың мақсаты — білім беру ұйымдары психологтарының жасанды интеллект құралдарын қолдану құзыреттілігін арттыру.
Вебинар барысында келесі мәселелер қарастырылады:
• Claude құралының мүмкіндіктері және оны психолог жұмысында қолдану;
• жасанды интеллект көмегімен тренинг жоспарын, ата-аналарға арналған жадынамалар мен есептерді дайындау;
• Projects функциясы арқылы материалдар мен нұсқауларды бір жерде сақтау;
• бағдарламалау білімінсіз шағын құралдар, әуен және дизайн жасау;
• жасанды интеллектпен жұмыс істеу кезіндегі құпиялылық пен қауіпсіздік қағидалары.
Өтетін күні: 2026 жылғы 16 қазан.
Уақыты: 17:00.
Форматы: Zoom.
Қатысушылар: білім беру ұйымдарының психологтары.
Әдіскерлер: Бахтаева Айгуль Машурпбековна, Молдашов Берик Сергалимович.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1310662?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау