Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!
Қала өміріне қатысты мәселелер туындаса, i-Shymkent 109 байланыс орталығына хабарласа аласыз.
i-Shymkent 109 – тәулік бойы, аптасына 7 күн жұмыс істейтін байланыс орталығы.
Орталық қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштерді қабылдап, тиісті жауапты мекемелерге жолдайды.
Қандай мәселелер бойынша өтініш қалдыруға болады?
·Аулалар мен қоғамдық орындардың тазалығы;
·Көшелер мен аулаларды жарықтандыру;
·Электр энергиясы мен газға қатысты мәселелер;
·Су құбыры және кәріз жүйесі;
·Жолдардың жағдайы мен шұңқырлар;
·Қатты тұрмыстық қалдықты шығару;
·Қаңғыбас иттер мен мысықтар;
·Ашық тұрған және қақпақсыз құдықтар;
·Қоғамдық көліктің жұмысы;
·Денсаулық сақтау және білім беру салалары;
·Әлеуметтік қолдау және басқа да қалалық мәселелер.
Қала тұрғындары төменде көрсетілген әдістер арқылы өз өтінішін қалдыра алады:
1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы;
2. WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу арқылы;
3. Instagram парақшасында жекеге жазу арқылы: ishymkent.109
4. Facebook: IShymkent Kz
5. Telegram-bot: @shymkent_109_bot
6. Мобильді қосымша: Komek 109
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1310613?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау