Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің тұрғындармен кездесуі басталды. Алғашқы кездесу бүгін Күрті ауылдық округіне қарасты Ақши ауылында өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдау, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстарын қарастыру және көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын талқылау.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізуге мүмкіндік алды. Тұрғындар көтерген мәселелер назарға алынып, оларды шешу жолдары жауапты сала мамандарымен бірлесіп қарастырылады.
Аудан әкімімен кездесулердің басты бағыты – халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың өтініштерін тыңдау және жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты жұмыстар жүргізу.
Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kurti/press/news/details/1310742?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау