ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ТУРИСТІК НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРЕДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің отырысында шаһардың сәулеттік келбетін дамытуға және заманауи инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған бірқатар жобалар қаралды.

Кеңес отырысында «Green Park» және «DREAM CITY» тұрғын үй кешендерінің, 14 қабатты қонақ үйдің, медициналық оңалту орталығының, коммерциялық ғимараттар мен қоғамдық тамақтану орындарының жобалары таныстырылды. Сондай-ақ, скверлер мен аллеялар салу, автотұрақтарды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Кеңесте әрбір жобаның қала құрылысы талаптарына сәйкестігіне, сәулеттік шешімдеріне және қоршаған ортамен үйлесімділігіне назар аударылды. Нысандарды жоспарлау кезінде аумақтардың абаттандырылуы және қалалық ортаның тұтастығы ескерілуі қажеттігі атап өтілді. Жиында бірқатар жобалар кеңес мүшелерінің келісімімен қолдау тауып, келесі кезеңге жолданса, бірқатары қайта өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қайтарылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shauildir/press/news/details/1310568?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version