АҚШ-та ШҚО спортшысы Темірлан Тұрдақын грек-рим күресінен U23 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12–14 қазан аралығында Лас-Вегас қаласында (АҚШ) 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өтті.

87 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған 25 балуанның арасынан Шығыс Қазақстан облысының және Қазақстан Республикасы жастар құрамасының спортшысы Темірлан Тұрдақын жоғары шеберлік танытып, әлем біріншілігінің күміс жүлдесін еншіледі.

Финалға дейінгі жолда спортшымыз үш кездесу өткізді:

  • 1/8 финалда Колумбия өкілі Руис Маринды соңғы ұпай басымдығымен жеңді (1:1);

  • 1/4 финалда Түркия балуаны Алперен Берберден де соңғы ұпай сапасы бойынша басым түсті (1:1);

  • Жартылай финалда тартысты белдесуде Ресей спортшысы Александр Крикуханы ұтты (2:1).

Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде Темірлан Тұрдақын Иран балуаны Ясин Али Яздиге жол беріп, екінші орынға ие болды.

Спортшымызды және оның жаттықтырушысы Данияр Әбіловті халықаралық аренадағы осы жоғары жетістігімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1311196?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version