2026 жылғы 8 қазанда Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Қарағанды қаласындағы маманы әуежайдың медициналық пункті, «Әуежай-Қарағанды» кеден бекеті және желілік полиция бөлімінің қызметкерлері арасында «Обаның алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында обаның жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары түсіндірілді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1311252?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау