Педагог Гүлдана Мұқанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ОБЛЫСТАН ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
Ұлытау облысында мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Марапаттарды Ұлытау облысының әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков табыстады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 28 мамырдағы Жарлығына сәйкес, Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Гүлдана Молдахметқызы Мұқанова білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен қажырлы еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен ұзақ жылдар бойғы адал еңбегінің, шәкірт тәрбиелеудегі табысты қызметінің лайықты бағасы.
Гүлдана Молдахметқызын мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық шабыт, толағай табыстар және ұстаздық жолында жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1311227?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version