«Қазақстан Республикасында тауарларды кедендік декларациялау кезінде ҚҚС-ты есепке жатқызу» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

_____2026 жылғы 15 қазанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы дөңгелек үстел өткізілді.

_____Дөңгелек үстел барысында «Қазақстан Республикасында тауарларды кедендік декларациялау кезінде ҚҚС-ты есепке жатқызу» тақырыбы қаралды.

_____Тауарларды импорттау салықты дұрыс есептеуді, төлеуді және салықтық есепте көрсетуді талап етеді.

_____Талқылау барысында импорт кезінде салық салу базасын айқындау тәртібі, ҚҚС мөлшерлемелерін қолдану, сондай-ақ салықтың есептелуі мен төленуін құжаттамалық растау талаптары қаралды. Импорттық ҚҚС сомаларын есепке жатқызу шарттарына және операцияларды салықтық есептілікте дұрыс көрсетуге ерекше назар аударылды.

_____Қатысушыларға ҚҚС-ты есепке жатқызу үшін салық және кеден заңнамасының талаптарын сақтау, декларациялардағы мәліметтердің дұрыстығын тексеру және растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз ету қажеттігі түсіндірілді.

_____Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарлардың жекелеген санаттары үшін ҚҚС-ты есепке жатқызу әдісімен төлеудің арнайы тәртібін қолдану ерекшеліктері қаралды.

_____Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар заңнама нормаларын біркелкі қолдану, кедендік декларациялау сапасын арттыру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1311326?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version