Қызылорда облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қызылордада бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды.
Жүргізуші автокөлікпен қарама-қарсы бағытқа шығып, авариялық жағдай туғызған. Бұдан бөлек ол маневр жасап, қауіпсіздік белдігін тақпай  көлік жүргізген.
Полиция қызметкерлері жедел түрде тиісті шаралар қабылдады. Құқық бұзушы Қызылорда қаласының 19  жастағы тұрғыны болып шықты.
Жүргізушіге қатысты хаттамалар ресімделіп, айыппұлдар салынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, өзге азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1311191?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version