Әрекетсіз салық төлеушілердің тізілімі — ұзақ уақыт бойы салық есептілігін ұсынбайтын салық төлеушілердің тізбесі.
Тізілімге салық есептілігін соңғы рет ұсынғаннан кейінгі 12 ай ішінде салық есептілігін өз бетінше ұсынбаған резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме немесе құрылымдық бөлімше арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер енгізіледі.
Бұл қағида Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерге қолданылмайды.
Салық төлеуші салықтық кезең үшін қосымша салық есептілігін ұсынған кезде тізілімнен шығарылады. Бұл ретте салық есептілігі нөлдік көрсеткіштермен автоматты түрде ұсынылған деп танылады.
Тізілімнен шығару туралы шешім қосымша салық есептілігі ұсынылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
Салық төлеушіні тіркеу нөмірлерінің тізілімдерінен алып тастаған немесе дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарған кезде оны әрекетсіз салық төлеушілердің тізілімінен шығару бір мезгілде жүзеге асырылады.
Негізі: Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 108-бабы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1311512?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау