Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында «Газ баллон» акциясын өткізді. Акция барысында тұрғын үйлерде, газ құю станцияларында, мейрамханалар мен дәмханаларда газ баллондарын қауіпсіз пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындар мен мекеме қызметкерлеріне газ баллондарын дұрыс пайдалану және газдан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1311414?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау