Шымкентте жылқыны көлікке байлап тасымалдаған азамат жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласында жүргізушінің жылқыны автокөлікке байлап, жол бойымен жүгіртіп тасымалдағаны түсірілген бейнежазба тарады.

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жүргізушінің жеке басын анықтады. Тексеру барысында жануардан ешқандай жарақаттар анықталған жоқ.

Оқиғаға байланысты азаматқа қатысты жануарларға қатыгездік көрсету және тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.

Полиция жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды сақтап, оларға қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу қажеттігін ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1311465?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version