Ақтауда жылу беру маусымы басталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы әкімінің өкіміне сәйкес, бүгін, 15 қазаннан бастап қала аумағында жылу беру маусымы басталды.

Алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік мекемелерге беріледі.

Көппәтерлі тұрғын үйлерге жылу 19 қазаннан бастап кезең-кезеңімен қосылады. Бұл ретте жылу жүйелерінің техникалық дайындығы мен үйлердің ішкі инженерлік желілерінің жағдайы ескеріледі.

Қала тұрғындарынан жылу беру жүйесіне қатысты сұрақтар мен өтініштер туындаған жағдайда, қызмет көрсетуші мекемелерге хабарласу сұралады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1311664?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version