ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Сіздерді күздің ең жарқын мерекелерінің бірі — «Алтын күз – 2026» мерекесі аясында өтетін «Жаңақорған – алтын дәннің асқақ рухының мекені» атты салтанатты гала-концертке шақырамыз!
Бұл кеште өнер мен әсем әуен тоғысып, мерекелік көңіл күй мен көтеріңкі рух сыйлайтын ерекше өнер кеші өтеді. Көрермендерге танымал өнерпаздардың әсем әндері мен жарқын өнері ұсынылып, күз мерекесі думанға бөленеді!
Кеш қонақтары мен өнерпаздары: Индира Елубаева, Әділет Жауғашар, Жандос Қаржаубай, Гауһар Бисекенова, Бақытжан Найманов, Айсұлу Әбді, Бекзат Молдаберген, Димаш Тілеуберген және басқа да өнер иелері.
Күні: 17 қазан 2026 жыл
Басталуы: сағат 18:00
Өтетін орны: Орталық стадион
Қадірлі ағайын! Сіздерді осынау думанды кештің қадірлі қонағы болуға, әсем ән мен көтеріңкі көңіл күйге толы мерекелік сәттерді бірге бөлісуге шақырамыз!
Берекелі күздің шаттығын бірге қарсы алып, өнер мерекесінің куәсі болайық!
Келіңіздер, көріңіздер, мерекелік көңіл күйді бірге тамашалайық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1311989?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version