Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Ішкі саясат басқармасының қызметкерлеріне оқыту өткізді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Ішкі саясат басқармасының қызметкерлеріне оқыту өткізді.

Оқыту барысында төлемдерді тағайындау шарттарына қатысты нормативтік-құқықтық база, заңнамалық актілер шеңберінде көзделген өзгерістер, сондай-ақ А және В санатындағы отбасыларды верификациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар түсіндірілді.

Кездесу барысында жаңа тәсілдерді тәжірибеде бірізді қолдануға, әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыруға және мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1312083?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version