ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ ЕРЖАН БАЙТІЛЕСПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылым кітапханасында «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Ержан Байтілеспен кездесу өтті. Басқосуға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл, «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті, журналист Ғалымжан Елшібай және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиында мерзімді басылымның жай-күйі, бағыт-бағдары, ертеңі мен бүгіні сөз болды.
Алғашқы болып сөз алған Ержан Айтөреұлы серіктестік құрамындағы басылымдардағы жаңалықтарға тоқталды. Сондай-ақ алдағы жоспарларымен бөлісті. Басқосуға қатысушылар қазіргі дәстүрлі медианың бәсекеге қабілеттілігі, оқырман алдындағы жауапкершілігі жайын сөз етті.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shauildir/press/news/details/1312077?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version