Ағымдағы жылдың 14 қазанында Халықаралық қарттар күніне орай Бесқоспа ауылдық округінде ауылымыздың ардақты қарияларына құрмет көрсету мақсатында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында өмір жолы өнегеге толы аға буын өкілдеріне ерекше құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер білдірілді. Қарияларымыз – елдігіміздің тірегі, бірлігіміздің берекесі. Олардың бай өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі жас ұрпақ үшін әрдайым бағалы әрі маңызды.
Бесқоспа ауылдық округі әкімінің аппараты барша қарияларды өткен мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-beskospa/press/news/details/1312381?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау