Бүгін Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының аудиторы, салық кеңесшісі @tylekbaeva_tatiana Тюлекбаева Т.В. бірлесіп Zoom-конференция өткізді.
💼 Кездесудің негізгі тақырыптары – 2026 жылы камералық бақылау, хабарламалар не үшін келеді және не істеу керек. Салықтық тексерулер, кәсіпкердің құқықтары мен міндеттері, өзекті сұрақтар-жауаптар.
💬 Конференция барысында қатысушыларға тақырып бойынша өзекті ақпарат ұсынылып, кәсіпкерлерді қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
🎙️ Іс-шараның спикері👨💼Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы З.К. Жойкимбекова;
🤝 Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында ашық диалог орнатуға, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы уақтылы ақпарат беруге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1312415?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау