Нашақорлықтың алдын алу және алкоголь өнімдерін сату тәртібін сақтау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен нашақорлықтың алдын алу, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес және алкоголь өнімдерін сату тәртібінің сақталуы мәселелері бойынша жиын өткізілді.

Жиын барысында есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлықтың қоғамға тигізетін зияны және алкоголь өнімдерін сату кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті бағыттарда профилактикалық жұмыстарды жандандыру, заң талаптарының сақталуын бақылау және жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар беру жөнінде шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-aralqym/press/news/details/1312378?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version