Қазақстан Елшісі ШЫҰ АТҚҚ директорымен кездесті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетінің штаб-пәтерінде Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжановтың Ұйым директоры Уларбек Шаршеевпен кездесуі өтті.

Тараптар ШЫҰ АТҚҚ қызметіне байланысты жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығының практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Ұйымды қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Универсалды орталыққа айналдыру туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері басшыларының шешімін іске асырудың ағымдағы кезеңі талқыланды.

Әңгіме барысында У.Шаршеев дипломатиялық миссия басшысын АТҚҚ форматында осы жылы өткен және жоспарланған іс-шаралары туралы хабардар етті.

Кездесу іскерлік және сындарлы атмосферада өтіп, Қазақстан Республикасы мен ШЫҰ АТҚҚ Атқарушы комитеті арасындағы серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға өзара ниеттілікті растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1312246?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version