Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық Жастар ресурстық орталығының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жайдарман» – Ақжар ауданының жастар кубогы фестивалі өтті.
Фестивальге аудан мектептерінен 6 команда қатысып, тапқырлықтарын, өнерлері мен әзіл-қалжыңға деген шеберліктерін көрсетті.
Фестиваль қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Бестерек орта мектебінің «Тентектер» командасы;
ІІ орын – Ұлғұлым орта мектебінің «О Бана» командасы;
ІІІ орын – Ленинград № 1 орта мектебінің «Сказочные кадры» командасы.
«Үздік ойыншы» номинациясын «Без паники» командасының капитаны Мархат Аубакиров иеленді. Ал көрермен көзайымы жүлдесі «Құрттай» командасының ойыншысы Нұрсұлтанға бұйырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-akzhar/press/news/details/1312535?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау