Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Қазсушар» РМК «Оңтүстік ауыз су» филиалының директоры Е. Есиркеповпен бірге Сарыағаш қаласындағы «Самал-3» шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жобасының жүзеге асырылу барысын бақылады.
Жұмыс сапары барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу қарқыны мен сапасына назар аударылды. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалап, нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жауапты сала өкілдеріне құрылыс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Қазіргі уақытта су тазарту қондырғысы орналастырылатын ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Аталған жобаның іске асырылуы «Самал-3» шағын ауданы тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1312686?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау