Словакияда жалпыұлттық «BARS5» жастар ғылыми байқауының бесінші маусымы аяқталды. Байқауға елдің түкпір-түкпірінен 228 жоғары сынып оқушылары қатысты. Финалдық кезең Жоғары Татра тауларында өтті.
Байқаудың бас жүлдесі – Қазақстанға бір айлық ғылыми-зерттеу экспедициясы. Сапар барысында оқушылар бірегей табиғи қорықтарды аралап, экологиялық бастамаларға қатысады және халықаралық ғылыми топтармен бірлесіп далалық зерттеулер жүргізеді.
Байқау жеңімпаздары – Братислава қаласындағы Дарынды балаларға арналған мектеп командасы. Қазақстанға жоспарланған экспедицияға олармен бірге Братиславадағы Грёсслингова көшесінде орналасқан гимназияның финалистері де барады.
Марапаттау рәсіміне ҚР Словакиядағы Елшілігінің дипломаттары қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, Қазақстанның туристік және ғылыми-зерттеу әлеуетімен таныстырды.
«BARS5» байқауы Словакия Ғылым академиясының жетекшілігімен Словак Республикасының Білім, ғылым, зерттеулер және жастар министрлігімен, Қазақстанның Словакиядағы Елшілігімен және AMBA қауымдастығымен бірлесіп, Словакияның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының қамқорлығымен ұйымдастырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1312719?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау