Маңғыстауда жазасын өтеушілер театр қойылымын тамашалады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №43 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар тәрбиелік жұмыс аясында Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрына барды.

Театрда сотталғандарға ағайындылар арасындағы қарым-қатынас пен отбасылық құндылықтарды арқау еткен қойылым ұсынылды. Спектакльде бауырмалдық, өзара сыйластық, адамгершілік және жақын жандар алдындағы жауапкершілік тақырыптары көрініс тапты.

Мекеменің жасақ басшысы, әділет капитаны Азатбек Ақпанбеттің айтуынша, мәдени іс-шараларға қатысу сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесінде маңызды рөл атқарады.

Мұндай іс-шаралар олардың ой-өрісін кеңейтуге, өмірлік құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.

Сотталғандарды мәдениет пен өнерге баулу – олардың тұлғалық дамуына, өмірлік құндылықтарды қайта пайымдауына және қоғамға оралуға дайындалуына бағытталған тәрбиелік жұмыстардың маңызды бөлігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1312932?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version