Ағымдағы жылдың 16 қазанында Қызылорда облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полицияға деген сенімін нығайту мақсатында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы онлайн форматта өткізілді.
Акция аясында облыс бойынша 9 тікелей эфир ұйымдастырылып, оған 244 тұрғын қатысты. Азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды. Нәтижесінде, тұрғындардан келіп түскен барлық 244 сұраққа жауап берілді.
Атап айтқанда, жол жүрісі қағидаларын түсіндіру бойынша 52 сұрақ, жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша 47 сұрақ, айыппұлдарды төлеу және автоматты камераларға қатысты 46 сұрақ, көлік құралдарын тіркеу бойынша 50 сұрақ қаралды. Сонымен қатар жедел желі арқылы 33 сұрақ келіп түсті.
Мұндай акциялар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, халық пен полиция арасындағы ашық диалогты дамытуға және құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1313008?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау