Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы сапы сайысынан Касабланкада (Марокко) өтіп жатқан әлем Кубогының командалық бәсекесінде алтын медаль жеңіп алды.

Отандастарымыз финалда Ресей құрамасын 45:40 есебімен ұтты.

Ел құрамасы жарыс барысында бес кездесуде жеңіске жетті. Алдымен 1/16 финалда Түркияны 45:20 нәтижесімен тізе бүктірсе, 1/8 финалда Гонконгтан 45:28 ұпаймен басым түсті. Ширек финалда Мысыр спортшыларын 45:40 есебімен жеңіп, жартылай финалда Франциядан (45:39) айласын асырды.

Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов қорғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1312964?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version