Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Қараша 2, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН САМАТ ОСПАНДЫ КҮТІП АЛДЫ

Жарияланды:

02/11/2026 01:10

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

 

Қазалы жұртшылығы грек-рим күресінен ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионатында топ жарып, ел мерейін үстем еткен жерлесіміз Самат Оспан Қобыландыұлын салтанатты түрде күтіп алды.
Иорданияның Амман қаласында өткен дүбірлі додада 62 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз қарсыластарынан басым түсіп, Әлем чемпионы атанған болатын.
Чемпионды күтіп алу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев қатысып, аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың арнайы құттықтауын жеткізді.
Самат Қобыландыұлының халықаралық аренадағы жеңісі Қазалы ауданы үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтіп, спортшыға зор денсаулық, отбасына амандық және алдағы жарыстарда толағай табыс тіледі.
Айта кетейік, Самат Қобыландыұлы №17 Қазалы аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде грек-рим күресінен жаттықтырушы болып еңбек етеді. Бұған дейін де Әлем чемпионаттарының үш мәрте жүлдегері атанған тәжірибелі спортшы бұл жолы чемпиондық тұғырдан көрінді.
Жерлесіміздің жарқын жеңісі – табанды еңбек пен тынымсыз ізденістің жемісі, жас спортшыларға үлгі боларлық үлкен жетістік.
Әлем чемпионы атанған Самат Қобыландыұлын шын жүректен құттықтаймыз! Көк туымызды биікте желбіретіп, Қазалының абыройын асқақтата беріңіз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/1313087?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Next: Қазақстанда алғаш рет ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы өтеді→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version