ҚАРАУЫЛКЕЛДІ АУЫЛЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қарауылкелді ауылында сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасы барысында ауыл аумағы ретке келтіріліп, қоғамдық орындар тазартылды. Көше бойлары мен жол жиектеріндегі арамшөптер шабылып, жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды.

Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекеннің көркін жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Ауылымыздың көркеюіне үлес қосып, тазалықты сақтауға бірге атсалысайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1313665?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version