Абай облысында 11 598 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Абай облысында “Таза Қазақстан” акциясы аясында елдімекендердің санитариялық жағдайын жақсарту және абаттандыру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Жыл басынан бері өңірде 2 760-тан астам рейд өткізіліп, абаттандыру қағидаларын бұзудың 11 598 дерегі анықталды.
Қоғамдық тәртіпті бақылауда цифрлық технологиялар да белсенді қолданылуда. Бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарды ластаудың 1 355 дерегі тіркелді. Бұл құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар облыс аумағында 78 стихиялық қоқыс орны анықталып, жойылды.
“Таза Қазақстан” – туған жерге деген құрмет пен қоршаған ортаға жауапкершілікті қалыптастыратын ортақ бастама. Қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, абаттандыру талаптарын орындау және табиғатқа жанашырлықпен қарау – баршаға ортақ міндет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1313730?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау