Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты Ұлы Дала және Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
19 қазан сағат 21:00-ден 20 қазан сағат 07:00-ге дейін Ұлы Дала және Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау кезінде аталған ақпаратты ескеру сұралады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1313737?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау