Қарағанды мен Степногорск қалаларында Қазақ ұлттық хореография академиясының гала-концерттері өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Республика күні қарсаңында және Қазақ ұлттық хореография академиясының 10 жылдығына орай Қарағанды мен Степногорск қалаларында гала-концерттер өтті. Гастроль аясында өткен іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Академия шәкірттері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Студенттер сарайында және Степногорск қаласындағы «Горняк» орталық мәдениет сарайында өнер көрсетті.

Концерт бағдарламасында отандық және шетелдік хореографтардың қойылымдары, ұлттық би, заманауи хореография және спорттық бал биі ұсынылды.

Академияның мерейтойлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған гастроль өнерді дәріптеуге, жас орындаушыларды қолдауға және өңір жұртшылығына академия шәкірттерінің өнерін тамашалауға мүмкіндік берді. 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1313761?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version