2026 жылдан бастап ҚҚС есепке қою тәртібіндегі өзгерістер

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілген қосылған құн салығы бойынша тіркеудің жаңа тәртібі туралы хабарлайды. Өзгерістер айналымның шекті мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар есепке қоюды бақылау механизмінің өзіне де қатысты болды.

Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын салық төлеушілердің күнтізбелік жыл ішіндегі жиынтық айналымы 10 000 АЕК-тен асқан жағдайда, оларда ҚҚС бойынша тіркелу міндеті туындайды. Бұл жағдайда өтініш шекті мөлшерден асқаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде беріледі. Егер белгіленген шектен асуға алып келетін мәміле жоспарланса, өтініш ол жасалғанға дейін берілуі тиіс. Бұл ретте жалпыға бірдей белгіленген режимдегі салық төлеушілер шекті деңгейге жеткенге дейін де ҚҚС бойынша өз еркімен тіркелу құқығын сақтайды.

Айналымның кейіннен төмендеуіне байланысты ғана ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығу мүмкін емес екенін ескерген жөн. Есептен шығаруға заңнамада көзделген бөлек жағдайларда ғана, мысалы, арнайы салық режиміне өткенде немесе қызметті тоқтатқан кезде жол беріледі.

Есепке қою тәртібінің бұзылуы анықталған жағдайда салық органы салық төлеушіге хабарлама жібереді, оны орындауға 30 жұмыс күні беріледі. Келіспеген жағдайда салық төлеуші растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша түсініктеме беруге құқылы. Егер ұсынылған түсініктеме салық төлеушінің ұстанымын растамаса, салық органы хабарламаны орындалмады деп таниды және тақырыптық салықтық тексеруді тағайындайды.

#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1314044?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version