ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ ҚОСУ ЖОЛЫМЕН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ: САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ МІНДЕТТІ МЕ?

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Салық кодексіне сәйкес заңды тұлғаларды бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде салықтық міндеттемелерді орындаудың екі тәртібі қарастырылған.КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ
    Заңды тұлға белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда кешенді салықтық тексерудің орнына камералдық бақылау жүргізілетін оңайлатылған тәртіпті таңдай алады.
    Ол үшін:
Қосылған құн салығы бойынша белгіленген талаптар сақталуы;
Салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек белгіленген шектен аспауы;
Электрондық шот-фактураларды жазып беруге қатысты шектеулер болмауы;
Заңнамада белгіленген өзге де талаптар орындалуы қажет.
Мемлекеттік кірістер органы тиісті салықтық өтінішті алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде камералдық бақылау жүргізуге кіріседі.
     КЕШЕНДІ САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ
Егер заңды тұлға оңайлатылған тәртіптің талаптарына сәйкес келмесе немесе осы тәртіпті таңдамаса, кешенді салықтық тексеру жүргізіледі.
     Мемлекеттік кірістер органы тиісті салықтық өтінішті алған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей кешенді салықтық тексеру жүргізуге кіріседі.

     МАҢЫЗДЫ!
Заңды тұлғаны қосу жолымен қайта ұйымдастырудың өзі міндетті түрде кешенді салықтық тексеру жүргізуге негіз болып табылмайды.
Камералдық бақылауды қолдану мүмкіндігі заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігіне байланысты анықталады.
     ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗ:
ҚР Салық кодексінің 77-бабы;
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығына 2-қосымшамен бекітілген Қағидалардың 2-тарауының 6-тармағы және 3-тарауының 26, 29, 30-тармақтары.
#законипорядок
#заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1313954?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version