Құқық бұзушылықтардың профилактикасы: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және заманауи тәсілдер

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өтіп жатқан «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы жүйесін өңірлік деңгейде басқару: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және үйлестіру» тақырыбындағы үш күндік семинар-тренингке қатысты.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Семинарға прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы органдар, білім беру саласының өкілдері, профилактика субъектілері, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар қатысуда.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасына ерекше назар аударылуда. Қатысушылар балаларға қатысты тәуекелдерді ерте анықтау, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылауда.

Үш күндік семинар қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы субъектілерінің бірлескен іс-қимылының нақты тетіктерін көздейтін ведомствоаралық жоба әзірленеді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үйлесімді және жүйелі жұмысының нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-astana/press/news/details/1314285?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version