Сенбіліктің негізгі мақсаты – ауыл аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жауапкершілікті арттыру.
Іс-шара барысында ауыл аумағы тазартылып, көшелер мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке қатысушылар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Таза ауыл – баршамызға ортақ міндет! Туған жеріміздің көркеюі мен тазалығы әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-beskol/press/news/details/1314196?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау