Астанада жастарды нашақорлықтан сақтауға бағытталған креативті лагерь ашылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Астанада жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған «UPGRADE CAMP: ПЕРЕПРОШИВКА» көшпелі креативті лагерінің жұмысы басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Лагерьдің негізгі мақсаты – жастардың сыни ойлау қабілетін, көшбасшылық қасиеттерін және саналы шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

«Бүгінгі іс-шара қайта жаңғыру деп аталып отыр. Жастардың барынша салауатты өмірге бейім болуын, нашақорлыққа қарсы жұмыс жасауын басты назарда ұстай отырып, олардың есірткінің заңсыз айналымына тартылуының алдын алу, есірткі қылмыстарының құқықтық және әлеуметтік салдары туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру болып табылады. Бүгінгі іс-шараға жүзден астам жастар қатысып отыр», – деді Астана жастары ресурстық орталығының мәдени ұйымдастырушысы Аружан Келдібай. 

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ жанындағы Есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. 

Жоба белсенді жастарды, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының өкілдерін, қоғам қайраткерлерін және түрлі сала сарапшыларын біріктіретін заманауи білім беру және коммуникациялық алаңға айналмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1314478?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version