Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қолданыстағы заңнамада өзіне қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдар санаты көзделген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес аталған жазалау шарасы жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және он төрт жасқа толмаған балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге қолданылуы мүмкін емес.
Практикада бұл ереже ата-ана құқықтары шектелген адамдарға да қатысты.
Мәселен, О.-ға қатысты қорғау нұсқамасын бұзу (ҚР ӘҚБтК 461-бабының 1-бөлігі) фактісі бойынша 10 тәулікке қамауға алу тағайындаумен, сондай-ақ ерекше талаптарды орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК 669-бабының 2-бөлігі) тура осылайша – 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы екі қаулы шығарылған.
Құқықбұзушыға – облыс аудандарының бірінің тұрғынына қорғау нұсқамасымен өзінің анасына қатысты жанжалдарға түсуге, бопсалап балағаттауға тыйым салынғаны, бұдан бөлек, оған мінез-құлқына ерекше талаптар жүктелгені – алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салынғаны анықталды.
Дегенмен, ол аталған шектеулерді сақтамаған.
Бұл ретте, прокуратура органдарының сот актілерін зерделеуімен азаматша О.-ның 14 жасқа дейінгі екі кәмелетке толмаған баланың анасы болып табылатыны анықталды, бұл оған қатысты тағайындалған қамауға алулардың күшін жоюға негіз болып табылады.
Прокурордың қарауымен шығарылған апелляциялық өтінішхаттардың нәтижелері бойынша сот актілері өзгертілді – қамауға алу әкімшілік айыппұлға ауыстырылды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша қаулы, соның ішінде әкімшілік жаза қолдану бөлігінде де заңды әрі негізді,бөлу қажет.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1314393?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау