Қауіп пен қайсарлық: құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Іс-шара аясында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды. Үздік құтқарушыларға мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, «Құтқарушы» және «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгілері, еңбек сіңірген жылдары мен ерлігі үшін медальдар, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі, департамент және облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына да ерекше көңіл бөлініп, олардың жақындарына қолдау көрсетілді. Бұл – ерлік пен жанқиярлыққа көрсетілген құрметтің белгісі.

Салтанатты іс-шара шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1314389?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version