Салық төлеушілерге – заңды тұлғаларға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді уақтылы түзетудің маңыздылығын еске саламыз.
Жыл ішінде компанияның қаржылық көрсеткіштері өзгеруі мүмкін, тиісінше жыл қорытындысы бойынша төленуге жататын корпоративтік табыс салық сомасы да өзгеруі ықтимал.
Не нәрсеге назар аудару қажет?
Егер жыл қорытындысы бойынша іс жүзінде есептелген жататын корпоративтік табыс салық сомасы мәлімделген аванстық төлемдерден 20%-дан астам артып кетсе, заңнамада әкімшілік жауаптылық көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес, айыппұл артық соманың 20% құрайды.
Салық төлеушілер не істеуі қажет?
- Ағымдағы жылдағы күтілетін қаржылық нәтижелерге талдау жасау.
- Болжамды жататын корпоративтік табыс салық сомасын бұған дейін есептелген аванстық төлемдермен салыстыру.
- Қажет болған жағдайда 101.02 нысаны бойынша есепті ұсыну.
101.02 нысаны бойынша есепті ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұсынуға болады. Дегенмен, түзету енгізуді желтоқсанның соңғы күндеріне қалдырмауға кеңес береміз.
Жылдың аяқталуын күтпеңіз. Аванстық төлемдеріңізді қазір тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша есепті уақтылы ұсыныңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1314399?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау