Жаңаөзен қаласының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге ескерту жасайды.
Мектептер мен балабақшалардың маңында көлік жүргізушілері жылдамдықты төмендетіп, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын қатаң сақтауы қажет. Әсіресе, балалардың жолға кенеттен шығып қалуы мүмкін екенін ескеріп, жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болған жөн.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті. Бір сәттік асығыстық қайғылы жағдайға әкеліп, баланың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Жаңаөзен қаласының полициясы барлық жүргізушілерді жолда жауапкершілік танытуға, жылдамдық режимін сақтауға және балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.
Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ міндет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1314514?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау